Күйзеліспен қалай күресуге болады?

Сіз күйзеліспен қалай күресу керектігін білесіз бе?

Біріншіден, өз бойыңызға жаман эмоцияларды жинамаңыз. Егер сіз ашуға булықсаңыз, сабырлық сақтаңыз және оны қоршаған ортаға шығармаңыз.

Екіншіден, өз өміріңдегі шешімін таппаған кезеңдерді анықта, және ол туралы есіңе алып, мазасызданба. Өзіңнің жасаған қателіктеріңді есіңе түсіріп, өз-өзіңді жазалай берме. Тек қана осындай жағдайлардың екінші рет қайталануына жол берме.

Үшіншіден, егер өзіңді нашар сезінсең, ата-аналарыңмен сөйлесуге тырысып көр. Егер бұған мүмкіндік болмаса, өзіңе жақын, сенімді адамдарды тауып онымен сөйлес. Өз бойыңда жаман проблемаларды алып жүру денсаулыққа зиянын тигізеді. Мұны есте сақта!

Күйзелістен құтылудың жолы өзің сүйетін істермен және спортпен шұғылдану. Денені шынықтыру бойды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады. Дүкендерге бару да көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Өзіңе бірнеше ұсақ-түйек заттарды сатып ал. Бұл әрқашан ғанибет.

Соңында: уақыт әр қашан өмірдің салған жарасын емдейді! Күйзеліске түсе бермей – әрдайым оны шешудің жолдарын тап, сонда ғана сенде бәрі жақсы болады!


Дерккөз: www.pmk-kolledg.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Күйзеліспен қалай күресуге болады?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-06-29/798.html