Қыздың жүрегін жаулаудың 5 амалы

Сен кейбір жігіттердің тым жақсы қыздардың жүретінін байқаған шығарсың. Байлығына қызығады десең, асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сымбатына сұқтанады дейін десең, сен де келісті жігітсің. Бірақ қыздарға келгенде сенің ешбір қырың жоқ. Олай болса, қыз жүрегін жаулаудың мына тәсілдері қажетіңе жарап қалар:


1. «Әлемді түзегің келсе, ең әуелі өзіңді түзе»-деген қағиданы ұстан. Демек, қандайда бір қызға ұнау үшін ең алдымен жеке басыңды тәрбиелеп алуың қажет. Өзің қандайсың, жаныңа сондай адам жолығары заңдылық.

2. Болашақ жарыңды таңдауда қателеспеу үшін кездескен қызыңның иманына, мінезіне, тұлғалық қасиетіне, тегіне мән бергенің дұрыс. Өз ойыңдағыдай кісіге тап бола қалсаң, оның әрі қарайғы өмірін сенімен бірге қол ұстасып өтуіне шешім қабылдауына әсер етудің амалын жаса.

3. Барлық жағдайда шынайы болуға тырыс. Өзіңді жақсы жағынан көрсетемін деп, тым қызбаланып, мақтанып кетудің, шашылып-төгілудің қажеті шамалы. Қыздар мақтаншақ жігіттерді ұнатпайды.

4. Барлық қыздарға бірдей ұнаймын деп жанталасудың қажеті жоқ. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді», деген мақалды махаббат машақатына ұрынғандарға да қаратып айтуға болады. Сондықтан, бір қызды таңдадың ба, соның жүрегінe жол тауып, өмірлік жарың етуді ғана ойла. Келісіп жатса ата-анасының алдынан өтуге туыстарыңды құда түсуге жібергенің абзал.

5. Егер қыз қарым-қатынас жасауға құлықты болмаса, қайта-қайта мазасын алып, кездесуге шақырып мезі етудің де реті жоқ. Қазақта «Қуған жетпес, бұйырған кетпес» деген мақалды ұстанғаның жөн. Кез-келген қыз баланы көргенде, ойыңның түкпірінде үнемі «Бұл кісі де бір отбасының мәпелеп отырған қызы»-деген түсінік тұруы ләзім. Оның да өзіңдей аға-інілері, қорғаушысы бар деп түсіну керек.  Қандай жағдай болмасын жар таңдауда асығыс шешімдерге бармай, сау ақылмен шешім қабылдаған адам ғана адаспайды. 


Дерккөз: http://www.jastar.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Қыздың жүрегін жаулаудың 5 амалы
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-07-18/838.html