Кейде үндемей тыңдай білудің өзі маңызды


* Кейде үндемей тыңдай білудің өзі маңызды. 

* Қатты күткен жерге шақырмаса да келуің бір ғанибет. 

* Тәкәппарлықтан тауы шағылған жанның қолынан қысып, бар екеніңді сездіруің ғажап.

* Тек көзіңмен "бәрі жақсы" болады дегенді білдіру. 

* Жаның ауырып тұрса да түсінуге тырысып, кешіру. 

* Тек сөз жүзінде емес, шын мәнінде көмектесу. 

* Менмендікке салынып кете салатын жерде қалып кету. 

* Жан жылуын сездіріп жымию.

* Бар қиындық өтпелі, бәрін де жеңуге болатынын білу.

* Қасында қалып, жанын жылыту, қолдау.

* Қолда барыңды аямау.

* Жылтыр сөзді көпіртпестен, бос уәдені үйіп-төкпей, орындалмас үмітті оятпай жақсы көр.

* Жай ғана қарапайым өмір сүр.


Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Кейде үндемей тыңдай білудің өзі маңызды
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-08-07/1158.html