Жан дүниеңнің қуатын бекер өкінішке жұмсама

Жүрекке қормал бол... Әлемің шытынап сынып, күйреп бара жатқан кезде біреу қолын созып, тағдырдың тәлкегінен құтқарып алады деп күтпе. Сені сенен басқа ешкім аяққа тік тұрғызып, қанатыңның шаңын қағып бермес. Өзіңді сақта. Езуіңнен жоғалған күлкіні өзіңе-өзің қайтармайынша, ешкім қайтарып бере алмас. Көз жасыңнан ұялма. Тек оны уақыт қана кептіре алатынын естен шығарма. Өзгені сезімге бөлеген кезің үшін өкінбе. Сезіміңе аяғын сүртіп кетсе де кек сақтама. Сезім сенің жүрегіңде, өзгенің емес. Неғұрлым көп сыйласаң, жүректе де сезім көбейе түседі. Жан дүниеңнің қуатын бекер өкінішке жұмсама. Жан дертіңді ұлғайтып аласың. Дерттенудің саған да, басқаға да қажеті жоқ. Өзіңді сақта. Сенің мейірімің мен адамгершілігіңді пайдаланғысы келетіндерге жоқ деп айтып үйрен. Күш-қуатың сарқылып, шаршаған кезде шулы ортадан шығып, демалуды үйрен. Қуатыңды еселе. Өзіңді сақта. Сенде СЕН ғана барсың. Өзіңді бүтін сақта. Өзіңді жақсы көр. Бұл жалғанда саған шынайы сүйіспеншілігін сыйлауға дайын адам көп емес. Бұл сөз - сен махаббатқа лайық емессің дегенді білдірмейді. Өзіңді сақта, қалқам, сен сақтамасаң, ешкім сақтамайды. 


© Алина Ермолаева

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жан дүниеңнің қуатын бекер өкінішке жұмсама
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-07-09/1150.html