Жүректегі рух оянғанда

Әр атомның, әр заттың, әр құбылыстың, әрбір жаратылыстың оянатын уақыты болады. Кейде ояну біртіндеп жүреді, ал кейде бірден тасыр-тұсыр бола салады. Біреулер бір сәтте оянады - не соққы, не көңіл қалу, яки жүрегі аяқ асты тапталған соң қиналып қалады. 

Басында неткен қатыгездік деп ойлайды, дегенмен ақырында - әп-сәтте оянғаны өзіне жағады, сол ояну ақ бата сияқты әсер етеді, кез келген мақтау мен марапаттан артық болады. Дүниетанымы өзгереді, айналаны түсінуі тереңдейді, шын қуанышты сезінеді, көңілі жайланады, еркіндікке шығады, өзгеге ілтипаты мен аяушылығы оянады.

Ешқашан ешкімді кешірмеген, кек алуды ғана көздеген, ызақор, қит етсе ашудың жетегінде кеткіш, үнемі әр қадамын санап, артық-кемін есептегіштер жүрегінде рух оянғанда бір сәтте мүлде басқа адамға айналады.


Хазірет Инаят Хан

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жүректегі рух оянғанда
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-07-01/1147.html