Өз қатесін өзі түзеуге әркімнің қақысы бар
"Кілең ажырасқан, тоқалдар, бақытсыздар отбасы болуды, бақытты болуды үйреткіш екен. Өздерінде жоқты жұртқа қалай бермек?"
- Бұл реактивті адамның ойы. Жай ғана күпірлік. Күпірлік адамның адамгершілігін түсіреді. Өзің менсінбеген адамның деңгейіне түсіреді. Біреудің мінін бетіне басумен парасатқа жету мүмкін емес.
- Бақытты болуды тек бақытты адам үйретсін десек, бақыттың бәрі бірдей боп кетпес пе еді? Бірақ әр адамның өз жолы, өз тағдыры, өзіндік пәлсапасы болуы керек емес пе? Әркімнен жан керегін ал. Саған бақыт берген ақша басқаға қайғы әкелсе ше? Саған оңай болған олжа өзгеге де оңай боларына кепіл бар ма?
- Өмірін алқаштардың ортасында бастап, көшеде жезөкшелікпен күнелтіп, бейдауа дерттен соң өзін қолға алған Луйза Хей бақытты бір адам істемеген жақсылықты жасай алды. Ол миллиондардың жүрегіндегі сөнген жарығын жағып берді. Осыдан артық бақыт бар ма? Жұрттың қателігінен де сабақ алатын сана бар кей кісіде. Проактив. Көрсек жақсысын көрейік, айтсақ ұлығын айталық. Мінсіздік Хақ Тағалаға ғана тән болар, бәлкім. Мін термелік, жүрегіміздің жарығын жағайық. Өз қатесін өзі түзеуге әркімнің қақысы бар шығар. Төрт құбыласы түгел адамның да бір міні табылар іздегенге... Кімнің жүрегі бүтін осы күнде?
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Өз қатесін өзі түзеуге әркімнің қақысы бар
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2018-11-16/1122.html