Асқақ арманыңа қарай қадам жасауды тоқтатпа! Ақырына дейін жетіп, жығыл!

1. Күресті тоқтатуға болмайды. Жұдырықтай тас түйін болып, көз жасың омырауыңды жусада, бар жігеріңді жиып күлімдеп, асқақ арманыңа қарай қадам жасауды тоқтатпа! Ақырына дейін жетіп, жығыл!

2. Өзге үшін өзіңді өзгертіп әуре болма. Егер сені шын сүйсе, осы қалпыңмен жақсы көретіні сөзсіз...

3. Өмір салған сызаттардан қорықпаңыз. Кез келген сызат тек кінәрат қана емес, еркіндікке бастар жаңа сүрлеу.

4. Сенің барың маңызды, жоқтығың жоқтаулы болатындай өмір сүр.

5. Үй деген жер емес, ол жанның күйі. Жүрегің қайда болса, үйің де сонда.

6. Басыңызға іс түссе, балаңызды құшақтаңыз. Егер ол жаныңызда болса, аман-сау шапқылап жүрсе, онда жамандық атаулы сізді айналып өтті деп білгейсіз. Қалғанының барлығы өмірдің ұсақ-түйегі...

7. Өмірдегі ең жақсы ұстаз – өмірдің өзі. Оның сабағынан қашып кете алмайсыз. Санаға сіңірмей қалу да мүмкін емес.

8. - Махаббат пен мәңгіліктің айырмашылығы неде?

9. – Егер әйелің суынып кетсе, онда ол мәңгілікке...

10. Кез келген жаста адамдар қоңырау шалғанды күтеді, келген смс-ке жымияды, кездесуге қуанады. Тек есейген сайын соғұрлым қитұрқылық қайдан шыға келер екен деп мұқият бола бастайсың.

11. Нағыз махаббат деген ерінің ақымақтығын байқамайтын жарының даналығы мен әйелінің әлсізгін кешіретін азаматтың жан қуаты.

12. Өмірге қызғанып емес, тамсана қараған адам бақытты.

13. Құдай күйеуді әйелін жазалау үшін жібереді дейді. Кейбір еркектің маңдайға жазылғандағы сорақылығы сонша, олармен өмірлік жаза өтеуге келісетіндер жетіп артылады.

14. Сезімнің қылын абайлап тарту керек. Терең із қалдырмауға тырысу қажет: жыртылған сурет жамауға келер, ал тапталған жүрек ешқашан қалпына келмейді.

15. Сарбаз жақсы көрген нәрсесін тастамайды. Ол әр ісін сүйіспеншілікпен жасайды.

16. Кейде бойыңды кернеген сезімді ретке келтіру үшін естен адасу керек.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Асқақ арманыңа қарай қадам жасауды тоқтатпа! Ақырына дейін жетіп, жығыл!
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-31/916.html