Нағыз әйелге жаныңды суырып бермейінше, тәніне қол тигізе алмайсың
1. Ешқашан отбасыны ақша, бала, аяныш үшін құрма. Ақшаға тоясың. Бала өсіп кетеді. Аяныш өшпенділікке айналады.
2. Жаныңдағы жақыныңа қамқор бол. Сен үшін намысын ұмытқан жанды бағала. Сенің қателіктеріңді кешіріп, үнемі күтетін адамды аяла. Тағдыр мұндай адамды бір-ақ рет жібереді.
3. Адамға көмектескің келсе - қол ұшын соз, шамаң жетпесе - дұға қыл, білмесең - ол туралы жақсы ойла! Жақсы ой деген көмек емес, бұл – қару... @Шығыс даналығы
4. Әрбір тілек оны жүзеге асыратын қуатпен қосылып беріледі. @Ричард Бах
5. Әр адам өзі түсінетін нәрсені ғана естиді. @Гете
6. Ақыл алған сайын бай болады. Жүрек берген сайын кең болады.
7. Ақылды адам қателігін түсінсе, оны түзеуге барын салады. Ақымақтың мойындауға шамасы жетпес. @Шығыс даналығы
8. Көп адам өзгенің өзіне деген сезімін асырып бағалауды жақсы көреді: жақсы көргенін, не жек көретінін. @Френсис Скотт Фицжеральд
9. Нағыз әйел сайтан сияқты. Жаныңды суырып бермейінше, тәніне қол тигізе алмайсың.
10. Сен үшін жақсарғысы келген адамға ғана күйеуге шығу керек. Сонда өзіңнің де ол үшін жақсы бола түскің келеді. @Леонид Жаров
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Нағыз әйелге жаныңды суырып бермейінше, тәніне қол тигізе алмайсың
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-09-08/917.html