Сынған, шағылған заттан сұлулық пен артықшылықты табу
Сынық
Жапондар шағылған шыныны алтынмен жамап қояды. Сызатты сол бұйымның көркемдігін аша түсетін ерекше тарихи жағдаят деп есептейді екен. Өзіңізді шашылып қалғандай сезінгенде осыны еске алыңыз.
Кинцуги (жап. 金継ぎ — алтын жамау) — керамикалық бұйымдарды уруси ағашынан алынатын лакқа алтын, күміс, платина ұнтағын қосып реставрациялау. Ұнтақты жамаудың үстінен жүргізеді. Бетінен лактың соңғы қабатын жүргізіп, егейді. Кинцуги өнерінің пәлсапасы ең алдымен сынған, шағылған, кертілген сызат, кетіктің бәрі сол бұйымның тарихының өшпес ізі, сол себепті оларды жауып, жасқап қажет емес дегенге саяды. Бұл сәтсіздікке қайыспай қасқая қарап, кемшіліктің көркемдігін бағалауды үйретеді.
Сынған, шағылған заттан сұлулық пен артықшылықты табу.
Бүлінген дүниені біріктіруден сұлулық көру үшін де жаның өзгеше сезімтал болуы тиіс.
Өмірде де, махаббатта да солай!
Екінің бірі қорқыныш пен стереотиптен аттай алмайды!
Аттай алған адам - жаңа өмірлік кезеңге өтіп, өз қолымен жасаған бақыттан (бұйымнан) рақат табады.
Aliya Allahyarova
Аударған Шынар Әбілдә
asiainfo.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Сынған, шағылған заттан сұлулық пен артықшылықты табу
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-05-25/1141.html