Махаббаттың ішкі дауысы

Өзіңді өзгеге тек ол сені толыққанды қабылдады дегенді сезінгенде ғана арнай аласың. Егер есесіне бір нәрсе күтетін болсаң, не көңілің қалғанын байқасаң, сенің сәлеміңе түзу жауап қатпаса, ол сені әлі де қабылдамағанын түсінесің. Ол өзіңді қалтқысыз сүйетінін түсінгеніңде ғана оған басы бүтін берілесің.

Есесіне ештеңе күтпей барыңды беру – сену деген сөз. Сенің қажеттілігің оған барыңды берумен бүтінделетінін сезу. Сені сүйген жан басқаша болуы мүмкін емес. Өзіңді қорғай берудің еш қажеттілігі жоқ екенін түйсіну. Өзіңнің оған қызмет етуге дайындығыңды білу – үлкен бақыт.

Сенім деген тегін беріп, тегін алатын бақытқа бастайды. Бұл сол бір адамға ғана қатысты болмауы да ықтимал. Ең қауіптісі адамдарға үмітіңді үкілеп, аяғыңды тәй-тәй басып, адымыңды санап, сене бастаған сәтте олар сені бөлшектеп әр жаққа тасып жатқандай сезінесің. Егер өзіңе өзің тән болмасаң, өзгеге неңді бересің? Өзіңді тану бәрінен маңызды. Ол үшін жүрегіңдегі иманыңды тап. Адамдардың нені беріп, нені алатынын сонда ұғасың.

Ықтиярсыз жақсылық деген сенімсіз атқарылған міндет. Тек өзіңнің өзімшілдігіңнен туындаған сұраныс. Мұндай кезде мәрттік бар болғаны өзгені уысыңда ұстау сияқты ұсақ қулық қана болмақ. Өзіңді сүйікті сезінген кезде ол адамның сұранысын толыққанды орындай аласың. Оның береріне де мүлтіксіз сеніп, күмән-күдік келтірмейсің. Осындай кезде бергеніңе де, алғаныңа да риясыз риза боласың. Бере алатын құдіретіңнің барын мақтан етесің. Өзіңді еркін, азат сезінесің. Сезімнің еркіндігінен қанаттанасың. Ғажап күйге бөленесің.


Генри Нувен

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы   

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Махаббаттың ішкі дауысы
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-09-13/923.html