Өзгенің өмірі - бөтен үйдің терезесі іспетті

1. Ешқашан кеш болмайды. Тек енді керек емес болып қалады.

2. Ештеңеде мәңгілік еместігін түсінген адам ештеңеге жармасып, уысында ұстауға тырыспайды.

3. Ой-санаңды өкпе-реніштерге толтыра берме, әйтпесе өмірдің керемет сәттеріне орын болмай қалар.

4. Өзгенің өмірі - бөтен үйдің терезесі іспетті. Терезенің алдында гүл өсіп тұрғандықтан ар жағы жұмақ деп дәмеленбе.

5. Риясыз сенген әр адамның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да ықтимал. Омар Хайям

6. Әділетті болу үшін алдымен мейірбан болу керек. Мейірбан болу деген сүрінбейтін тұяқтың болмайтынын түсіну. Адамның бәрі қателеседі. Омар Хайям

7. Отынды өзің жарсаң, екі қайтара жылынасың. Генри Форд

8. Біздің күнделікті жаңалық алмасу әдетіміз өзгерген жоқ. Бірақ сөйлесуіміз қысқарып, хабарласу мәнері тек көңіл үшін ғана бар екені рас. Бірақ мен сені сол үшін айыптамаймын. Бұл сенің маған деген аяушылығың екенін түсінемін. Бұзылған аспап әрдайым жалған дыбыс шығарады. Одан да үндемесін. 

Кобо Абэ

9. Көп сөйлейтін адам оңай оқылады.

10. Әйел деген от. Қараусыз қалдыруға болмайды. Не өшіп қалады. Не бәрін өртейді.

11. Шын сүйгендер бізге ештеңе үйретпейді. Бәрін үйреткендер - сүйе алмағандар. Линор Горалик

12. Тағдыр сыйлайтын ең үлкен сый - "бар болғаның үшін мың алғыс" дей алатын адамдарыңның қасыңнан табылуы. Эрсин Таезджан

13. Өкпелету оңай! Сүйектен өтер бір сөз айтсаң жеткілікті. Ал, сосын сол ренжулі жүректің жарасын жазуға ғұмырың жетпейді. Эдуард Асадов

14. Егер бақытты отбасың болмаса, байлық пен атақтың құны көк тиын. Ава Гарднер

15. Кетісу деген соңғы нүкте емес. Кетіскен соң қайтып келме, шамаң жетсе. Овидий

16. Адамның болмысы қызық. Жаныңның жарығын жағатын кісі табылса, бәрі мүмкін болады. Ж.Лафонтен

17. Жанымыз қиналса, "басқаның күні ілгері" деп өзімізді жұбатамыз. Бірақ жағдайымыз түзелгенде, "біреу қиналып жүр-ау" деп ескермейміз. Василий Шукшин

18. Жүзіңіздің жылы болуы киген киіміңізден әлдеқайда маңызды. Дейл Карнеги

19. Тыныстағаның - тірі жүргенің. Сүйгенің - өмір сүргенің. Эдуард Асадов

20. Жанның ақылдан айырмашылығы - ол бос ойға уақыт алдырып, текке есеп жүргізбейді. Жан - сезеді және біледі, сондықтан қателеспейді.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Өзгенің өмірі - бөтен үйдің терезесі іспетті
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-10-07/963.html