Бакуде Қазақстанмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Бакуде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры мен Гейдар Алиев қоры өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат әлеуметтік, мәдениет, ғылым және білім саласында екі елдің ынтымақтастығын көздейді. Тараптардың кездесуі барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Екі елдің әріптестігі халқымыздың арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен сенімді тереңдетуге сеп болмақ. Сондай-ақ меморандумға қол қою шарасының аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының өкілдері Гейдар Алиев орталығындағы көрме залдарын аралап, мұражайлардың жұмысымен танысты.
Қанат Жұмабаев, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры:
- Меморандум аясында осы екі ірі қор ел арасындағы ынтымақты күшейте түседі. Гейдар Алиев қоры да, Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры да көптеген бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады. Мәдениет саласында да білімді жетілдіру үшін арнайы бағдарламалар бар. Сондықтан екі қордың ұқсастығы көп.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175559-bakude-aza-stanmen-zara-t-sinistik-turaly-memorandum-a-ol-ojyldy
www.24.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Бакуде Қазақстанмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/597.html