Оралда жол құрылысын «Нұр Отан» партиясының комиссиясы қадағалайды
Оралда жаңадан жасалатын және күрделі жөндеуден өткізілетін жолдардың құрылысына 8 миллиард теңге жұмсалады.
Аталған қаржының қомақты бөлігі қазба байлығын игеруші компаниялардың әлеуметтік жобалары аясында бөлінеді. Жалпы қала аумағындағы 600 шақырымдық жолдың тек 49 пайызына ғана асфальт төселген. Былтыр қала билігі жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтамаған бірқатар кәсіпорынды сотқа тартып, кейін олар жауапсыз мердігерлер тізіміне енгізілген болатын. Жолдардың сапасына қатысты да аз сын айтылып жүрген жоқ. Осыған байланысты жол жөндеуші кәсіпорындарға қойылатын талап күшейді. Мәселен, жұмыстың кепілдік мерзімі үш жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды. Ал дайын жобаларды сараптамалық комиссия қабылдамас бұрын жол құрылысында тәжірибесі мол мамандардан тұратын техникалық кеңес қарайтын болады.
Нариман Төреғалиев, қала әкімі:
- Жыл бойы біз бұларды қатаң бақылауда ұстайтын боламыз. Себебі бұл жерде техникалық байқау, авторлық байқау мамандары бар қадағалайтын осы құрылысты. Мұның сыртында біздің әкімшіліктің жауапты бөлімі бар және өздеріңіз көргендей «Нұр Отан» партиясының бізде осы құрылысқа қатысты комиссия бар. Мұның сыртында біздің халық бар осы жерде тұрып жатқан қай көше болмасын. Оларға да айтып, қандай да бір кемшіліктер көріп жатса, біздерге хабарлауын сұрап отырмыз.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/175561-oralda-zhol-rylysyn-n-r-otan-partiyasyny-komissiyasy-ada-alajdy
www.24.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Оралда жол құрылысын «Нұр Отан» партиясының комиссиясы қадағалайды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/598.html