«Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты

Алматылық «Қайрат» командасы «Астана» клубымен тең түсті. 

Қазақстан чемпионатының 10-турындағы Премьер-лига командалары арасындағы матчтың есебі 1:1 болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңартылған «Астана Арена» стадионында өткен кездесудің бірінші таймында алаң иелері бір гол жіберіп алды. Ойынның 35 минутында қонақтар командасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат 25-30 метр жерден қақпаны дәл көздеді. «Астана» ойын соңында ғана есепті теңестірді. 87-минутта Срджан Граховац соңғы жеті ойын бойы тек жеңіспен келе жатқан командасын жеңілістен құтқарып қалды. 


Осылайша, «Қайрат» «Астананы» жеті жеңістен кейін тоқтатты. Кахабер Цхададзенің шәкірттері 19 ұпай жинады, бұл турнир кестесінде көш бастап тұрған елордалық командадан төрт ұпайға аз. Оның үстіне «Астананың» өткізетін тағы бір ойыны бар. Айта кетейік, «Қайрат» – осы маусымда жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда.



Дерккөз: 
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/175514-astana-men-ajr
www.24.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/589.html