Ақиқат алдындағы - ұсқынсыз әйел


Қу далада жырақ қалған осы бір шалғай ауылда оның жоғы табылды-ау, әйтеуір. Тозығы жеткен ескі үйдегі оттың басында Ақиқат отыр екен.

Ол осыншалық кәрі әрі ұсқынсыз әйел затын ешқашан көрмепті. 

- Сіз - Ақиқатсыз ба?

Қартайған, қалжыраған сайқал маңғаздана басын шұлғыды.

- Мен күллі әлемге нені айтуым керек? Нендей хабарды жеткізуім керек? 

Кемпір отқа бір түкірді де оның бетіне тік қарап жауап қатты:

- Мені уылжыған жас әрі асқан сұлу екен деп айт оларға!

 

Роберт Томпкинс

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ақиқат алдындағы - ұсқынсыз әйел
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2017-08-25/907.html