Байлыққа кенелген қайыршы
Бұл жағдай Кенияның астанасы Найроби қаласында болған. Бұл баланы кім көрсе де ұрлықшы, көшенің қайыршысы деп ойлайды. Иә, ол көшеде жол бойы өткен машиналардан қайыр тілейтін бала. Баланың есімі- Жон. Бір күні жолдағы кептелісте машиналардан қайыр тілеп жүрген Жон машинада отырған Гледис Каманде есімді әйелге жолығып қалады. Әлгі әйел өкпе ауырудың ауыр түріне шалдыққан екен. Оттегі беретін шағын қосымша моторымен отырғанын көрген Жон оның не екенін қызықтайды. Гледис өзінің ауру тарихын балаға айтып бергенде ол үнсіз жылай беріпті. Ол өзінің көшедегі өмірінің ең қиын, ең ауыр өмір емес екенін, өзінің жағдайынан мына әйелдің жағдайы тым ауыр екенін түсінген еді. Көз жасын тоқтата алмаған бала ауру әйелдің қолын ұстап, құдайдан оның жазылуын тілейді. Кейін өзінің қайыр тілеп жинаған барлық ақшасын әйелдің қолына ұстатады. Осы жағдайды кездейсоқ суретке түсірген адам осы оқиға туралы әлеуметтік желіге жариялайды. Нәтижесінде әлеуметтік желіде мыңдаған адамның жүрегіндегі сезімді оятады. Не бәрі 4 күнінің ішінде 3 млн шиллинг немесе 30 мың доллар жиналады. Осы ақшаға Гледис Индиядаға барып емделіп келгесін, көшеде қайыр тілеп жүрген Жонды асырап алады. Кейін мектепке сабаққа кірген Жонның өмірі түбегейлі өзгереді. Қазір оның үйі де, анасы да бар.
Қайыршы болса да бұл баланың әрекеті адамзат үшін ақша мен байлықтан да жоғары шын пейіл мен ақ көңілдік бәрінен де қымбат екенін айқындаған еді.
Моңғол тілінен аударған Нұрбол Ханағат
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Байлыққа кенелген қайыршы
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2017-05-24/717.html