Ауылшаруашылық саласындағы инвестиция көлемі 22 пайызға жетті
Жыл басталғалы елімізде ірі қара 280 мыңға артқан. Ауылшаруашылық саласындағы жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға ұлғайып, инвестиция көлемі 22 пайызға дейін жетті.
Ет өндірісінде де оң өзгеріс бар. Төрт айда 211 мың тонна ет нарыққа жіберілді. Қазақстан жас малдың етін Қытай нарығынан бөлек, өзге де шет мемлекетке экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылаған баспасөз жиынында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. Сала маманының айтуынша елімізде ұсақ мал саны өткен жылмен салыстырғанда бір пайызға өсіп отыр. Қазір Қазақстандағы қой мен ешкі түлігі 19 миллионға жетіп қалды. Бұл көрсеткіш ішкі сұранысты қанағаттандырып, ет экспортының әлеуетін арттыруға жетеді.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары: - Қазір біз марқаға көңіл бөліп жатырмыз. Енді марқаны санасақ қазір қой төлдеп жатыр ғой. Бес-алты ай бір жылға дейін олар марқа болады соны біз шетелге жоспарлап отырмыз. 47 35 19 миллионға келіп қалды саны қазақстанда қой болсын ешкі болсын. Енді үкімет тарапынан субсидия берген соң ол жыл сайын көбейеді. Бізде жоспар бар Қытайдан басқа елдерге экспорттау. Өткен жылы біз тірі қойларды әмірліктер, катар болсын жіберіп отырмыз. Оған жыл сайын сұраныс көп.
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ауылшаруашылық саласындағы инвестиция көлемі 22 пайызға жетті
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-07/635.html