Сүйгенің – сабақ па, ғажап па?
Сүйгенің – сабақ па, ғажап па?
Саған сабақ болар адамды өмірлік серігіңмен шатастырғаныңды көрсететін 9 себеп.
Өмірде екі түрлі адамдар жолығады: бірі саған сабақ болу үшін келеді, бірі жаныңның егізі болып жолығады. Алғашқылардың ықыласы ыстық болғанмен қайғысы көп болады. Олар көп нәрсеге көзіңді ашады. Екіншілерімен, өмірлік дос боласың, мәңгілік махаббатың екенін мойындайсың. Қарым-қатынаста қателік осы екеуінің орнын шатастырғаннан болады. Төменде осы екі түрлі адамдарды ажырататын бірнеше себептер туралы айтылады:
1. Жаны егіз жан — олармен бәрі оңай болады. Шектен шығып сені сүйсін, бағаласын деп арпалыспайсың. Өзгенің махаббатына лайық болуға тырысу – ол сендік махаббат еместігінің дәлелі.
2. Жаны егіз адаммен әңгіме таусылмайды. Оған айтарың дайын тұрады. Болмашы нәрседен әлемнің ұлылығына дейін тілге тиек етесің. Бәрібір онымен сөйлескен қызық боп тұрады.
3. Бір қарағанға жаны егіз адамды таңдамаған сияқтанасың. Өздігінен табыла кетеді. Шынайы қарым-қатынаста артық тырысып әуре болмайсың. Қол ұстасасың да, өмір жолында бірге кете бересің.
4. «Сабақ болатындардың» қарым-қатынасы қайғы әкеледі, шашты ағартады. Олардан егізімді жасаймын деп көп әуреге түсесің. От сезімді ұзарта түскің келеді, сол адамның ризашылығын, мақұлдауын сезінгің келеді, бір біріңе қатты ұнайсың, бірақ мүлде сәйкес келмейсіңдер. Бұл сенің өміріңде мәңгі қала алмайтын адамның белгісі.
5. «Сабақ болатындар» біздің өмірімізге қайта-қайта орала береді. Содан алатын сабағыңды алмайынша солай. Бұл негізінен алдымен өзіңді жақсы көріп үйрен деген сабаққа саяды. Өзіңнің ойлау жүйеңді, танымыңды өзгерту қажеттілігін көрсетеді. Соған дейін бір текті адамдарға жолығу тыйылмайды. Қарым-қатынас жаныңды қинай береді.
6. «Сабақ берушіні» ойлап, осы адам менің тағдырым ба, жоқ па деп көп қайғырасың. Жаны егіз адаммен ондай болмайды.
7. «Сабақ беретін» адам сенің егізіңнің сыңары еместігін түсінесің. Бірақ қабылдағың келмейді. Жүрек оны қимайды. Мақаланы осы жерінен үзіп, жаба саласың.
8. Егізіңді тапқанда өзгелер не ойлайды, бірге жүрсек не болады деп алаң қылмайсың. «Сабақ болар» адаммен керісінше, қыпылықтап, қиналып, кім не деді деп, әр сөзге әбігерленесің.
9. Кейде «сабақ болатын» адаммен қарым-қатынастағы ескі әдеттер егізіңмен табысқанда да байқалып қалуы ықтимал. Абайла. Бірге қиналған кезде жаны егіздер бір-біріне жақын бола түседі.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Сүйгенің – сабақ па, ғажап па?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-07-15/835.html