«Мен жасай алмаймын» дегенді айтуды доғарыңыз
СІЗ ҚҰТЫЛУҒА ТИІСТІ ТЫЙЫМДАР
Мақсатқа жетуге кедергі келтіретін нәрселерге тым көп көңіл бөле берсеңіз, өмірдің шын бақытынан қағыласыз. Сомен, бүгіннен бастап:
• Түймедейді түйедей етуді доғарыңыз. Жаныңызды бірдеңе мазалағанда – өзіңізден осы нәрсені бір жылдан соң еске алам ба деп сұраңызшы. Егер жауабы кері болса, онда бұл мәселені ойыңыздан шығарыңыз. Үрейіңізді ұмытыңыз.
• Қате боп қалады деуден қашпаңыз. Сізге зиянын тигізетін бір ғана қателік бар, алға қарай қадам жасатпайтын қорқыныш. Осы үрейден сан алуан мүмкіндікті уысыңыздан шығарып аласыз. Мақсатыңызға жете алмай қалуыңыз кәдік.
• «Мен жасай алмаймын» дегенді айтуды доғарыңыз. Генри Форд айтпақшы, “егер өзіңіз осы нәрсені істеуге қабілеттімін десеңіз, онда сіздікі дұрыс, істей алмаймын десеңіз, ол да рас”.
• Өзіңізді өзгемен салыстыруды доғарыңыз. Кешегі өзіңіздің жеткен жетістігіңізбен ғана өзіңізді салыстырыңыз.
• Өткенге ойша орала бермеңіз, келешектен өзіңізді көруді қойыңыз. Өмір – сізбен дәл қазір болып жатқан нәрсе. Қазір және осында. Өткізіп алмаңыз.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Мен жасай алмаймын» дегенді айтуды доғарыңыз
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2018-03-17/1088.html