Дэниел Эллиді 24 жасында миллионер еткен 10 әдет
Дэниел Эллиді 24 жасында миллионер еткен 10 әдет
1. Тіл ұстарту
Өз ойыңызды қаншалықты дұрыс жеткізе аласыз? Миллионерлер нені қалай тез, ұғынықты жеткізу керектігін біледі. Олар аузынан шыққан әрбір сөзге терең мән береді. Мен сөздікті күнде ақтарып шығам. Ондағы барлық сөзді қолданбасамда, бәрі санамда сайрап тұрады. Тым маңызды болып көрінгісі келген көп адам талай мүмкіндікті уыстан шығарып алды. Елге мылжың сөз керек емес. Шешен сөйлеу үшін тілек айтқыштар клубына жазылдым. Адамдардың көпшілігі сөйлесуге ерінеді де, өзгенің әдетіне ләппай дейді. Миллионерлер дұрыс сөйлеуге ықтиятты дайындалады. Олар ауызекіде де, жазбаша да тамаша шешендер.
2. Ескі әдеттерден бас тартыңыз
Жаңамен бетпе-бет келмес бұрын ескіден арылыңыз. Жаңа көлік, жаңа үй алғыңыз келсе, ескісінен құтылыңыз. Ойыңызды жетілдіру үшін ескі ойлау жүйені ұмыту керек. Ең алдымен жаман ойлаудан құтылыңыз. Жаман әдеттің бәрін жақсысымен алмастырыңыз. Екі гамбургер жейтін әдетімді ең жақсы стейк-хаузға ауыстырдым. Керемет тәтті тамақ жегенімді жасырмаймын. Аптасына бірнеше рет гамбургерге 1доллар жұмсағанша, 1-2 рет стейк жегенімнің дұрыс екендігін түсіндім. Содан бақытты бола бастадым.
3. Мақсатты күнделікті анықтап отырыңыз
Мақсаттарымды күнде қағазға жазып отырамын. Қанаттандырады. Өмірімнің соңына дейін осылай істеп өтем. Қаржылық болжам ба, күнделікті жаттығу жасауды жоспарлап отырсыз ба, ол маңызды емес. Күнделікті мақсатты анықтап отыру жақсы әдет. Ол күн сайын екпін беріп отырады. Күн сайынғы мақсат анықтау басымдықты бажайлауға, ең маңыздысын іріктеп алуға көмектеседі. Басымдықты анықтау – зор мәнге ие. Қызметтің табысты түрлерін анықтап алған соң бұрынғыдан да артық табыс тауып, байи түсесіз.
4. Өз меніңізге адал болыңыз
Уәде берген нәрсені орындау керек. Кәсіби жетістікке жету үшін өмір үнемі жеке бастың қызығын ысыра тұруға шақырады. Мұндайға берілмеген жөн. Жеке өмір мен кәсіби дағдының үйлесімдігін жасай алудан артық бақыт жоқ. Пайдалы мен қажеттіні бір арнаға тоғыстырады. Олай ету мүмкін емес дейтіндер көп. Ондайды тек үйлесімдікке қолы жетпегендер айтады. Тыңдамаңыз оларды. Сүйген іспен айналысқанда кәсіп тек қуанышқа бөлейді. Адал өмір сүрсеңіз, абырой-беделіңіз арта береді. Одан өзіңіз де, өзге де ұтады. Абыройға нұқсан келтірмеңіз.
5. Шешім қабылдай біліңіз
Шешімді көбірек қабылдаған сайын тасыңыз өрге домалай береді. Бір адам он шақты шешім қабылдаса, екіншісі жүздеген шешім қабылдайды. Көп шешім қабылдаған адам ұтады. Тіпті барлық шешімі дұрыс болмаса да, оның қоржыны тоқ болып шығады. Біржақты жолмен кері бағытта жүрсеңіз, жылдам жүріп үйренесіз. Адамдар шешім қабылдап, жауапкрешілік алудан қашқақтайды. Қорқыныш бар. Қорқыныш мүмкіндікті жоқ қылады. Ақыр аяғы немен тынарын білсеңіз де, шешімді тек өзіңіз қабылдап үйреніңіз. Сонда ғана керек жауапты табасыз.
6. Сұрақ қоя біліңіз
Көп адам жауаптың бәрін білемін деп ойлайды. Осындай ой шындықты білуге кедергі келтіреді. Жылжып келе жатқан бағытты айқындау үшін үнемі сұрақ қойып отырыңыз. Миллионер болу үшін өз сауалдарыңызға жауап бермеңіз, тек жауаптарына күмәнмен қараңыз. Фактілер керек болса, анықта, тек долбарлап отырма. Көпшілік сұрақ қоя білмейді. Өйткені, сұрақ қою шынайы жағдайын анықтап көрсетеді. Осы қорқыныш сұрамауға дағдыландырады. Сұрақ қою үшін адам көп ойланады. Ал, адамдардың көбісі ойлануға ерінеді.
7. Шебер атаныңыз
Бір күні өте бай деген 50 әйел жиналған кеште бір келіншек пианинода ойнапты. Сонда бір әйел ол сияқты пианинода ойнау үшін барымды берер едім депті. Пианинода ойнаған келіншек: «Жоқ, бермес едіңіз» дейді. Жұрттың бәрі таң қалады. «Мен сияқты ойнау үшін бәрін бере едіңіз. Бірақ осылай жақсы ойнап үйренуге кеткен есіл уақытты бермес едіңіз. Жылдарға, күндерге созылып, сағаттап отырып пианино ойнауға кеткен уақытты аяр едіңіз. Мен сізді сынап тұрғаным жоқ. Бәрін берем дегеніңізде сіз бәрін берместігіңізді ғана айтқым келді» дейді келіншек.
8. Сырт әлпетіңізге мән беріңіз
Миллионер атану үшін де адам өз түріне қарауы керек. Есірткі, темекі, ішімдікті тыйыңыз. Сонда өзіңізге сенімді бола бастайсыз. Аптасына 4-5 рет спортпен шұғылдансаңыз, сымбатты бола түсесіз. Сырт әлпетіңізді көркемдеуге ниет қылыңыз. Шашын бояйтын ер кісілер бар. Көзінің асты көгеріп тұрмау үшін күнделікті 12 сағат ұйықтайтын әйелді көрдім. Өзіңізге көңіл бөліңіз. Үнемі қырынып, не боянып жүріңіз. Сонда мүмкіндіктер көбейгенін өзіңіз де байқайсыз. Миллионер сияқты көріну – миллионер болудың ең тиімді тәсілі.
9. Қолдан келгеннің бәрін артығымен жасаңыз
Жетістікке жеткізетін басты элемент сіздің табандылығыңыз. Аз ғана дүниені істеп, тым көп нәтиже күтетіндер бар. Қызметтік міндеттерін орындамай қашқақтаудың орнына миллионерлер мақсатқа жетудің ерек жолын табады. Керекті нәтижеге қол жеткізу үшін өзге адамдар мен жүйелерді пайдаланады. Өзінің де ең қажетті қасиеттерін іске қосады. Жуырда бір метрден аса қар жауды. Оны тазалауға көп күш кетеді. Көршім менің не істегенімді бақылап тұрды. Қар тазаламайсың ба деп сұрады. Мен басқа адам жалдағанымды айттым. Уақыт пен мүмкіндікті дұрыс пайдалануға баса назар түсіргенде байлығыңыз еселене береді.
10. «500 Ережеге» бағыныңыз
Өз ісімді бастаған кезде клиент тартумен арпалыстым. «500 ережемен» сонда таныстым. Ол менің өмірімді өзгертті. Мен миллионер болғым келсе, бір айда кем дегенде бес жүз адамға өз жұмысымды ұсынуым керектігін үйретті. Көп адам жоқ дейтінін білсем де, мен солай еттім. Елмен байланысудың түрлі әдісі барын білетінмін. Басында сіздің мүмкіндікке зәру адамдарды іздейсіз. Электронды пошта, не телефон қоңырауы арқылы олардың ықыласына бөленген соң өз өніміңзіді, не қызметіңізді ұсынасыз. Сіздің ұсыныс бәріне ұнай қоймасы анық. 5 пайыз адам иә ддесе, жетістікке бағыт алғаныңыз. Жақсы әдеттерді де жаман әдетті сіңіргендей сіңіруге болады. Бір жақсы әдетті меңгерсеңіз, келесісіне кірісіңіз. Жылына 6-10 жақсы әдетті үйреніп, 6-10 жаман әдеттен арылыңыз. Әдеттеріңіз қалай әсер ететінін ойлаңыз. Басында сіз әдеттерді басқарсаңыз, сәлден соң олар сізді басқара бастайды.
Аударған Шынар Әбілдә
"Қабылан ақпараттық порталы"
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Дэниел Эллиді 24 жасында миллионер еткен 10 әдет
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-05-13/678.html