Қабілетің шақырмаған тұсқа килікпе

Шынар Әбілдә

Классикалық педагогиканың атасы, чех ғалымы Ян Амос Коменскийдің нақыл сөздері

• Надандықтың дауасы білім ғана, мектеп жас баланың жанын біліммен сусандыруы керек. 

• Алдыңда дұрыс жол салған адамның ізін басу оңай. 

• Қабілетің шақырмаған тұсқа килікпе. 

• Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп. 

• Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан. 

• Жалғандықтың ешбірі ұзаққа созылмас. 

• Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс. 

• Ештеңе білмей өткен уақытың өлген уақыт. 

• Ақыл еркіндікке жол ашады, еркіндік әрекетке иелік етеді. 

• Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді. 


Аударған Шынар Әбілдә


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Қабілетің шақырмаған тұсқа килікпе
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-05-17/699.html