Аглая Датешидзе : Өмірдің сапасы
Өмірдің сапасы
Өз өміріңнен «бөтендікті» қуып шығу оңай. Бұл өзіңді сақтау мен нақты таңдаудың нәтижесі.
Ал, «сендік еместі» жіберу, босату қиындау. Өйткені, ондайды тек нәзік түйсікпен сезініп, өмір сапасын реттеу арқылы ғана жасауға болады.
Қорқынышты құбыжықтар мен мыстандар ақырында сахна төрін босатады. Артынан ұшқан тас пен найзадан басын алып қашады.
Дегенмен, ұстағышы сынып қалған шабадан, бір шеті кетілген мүсіндер, көзі жоқ қуыршақтар, сосын бір қарағанға жақсы адам болып көрінген, біршама ғашықтығы бар, бірақ қолыңнан ұстай қоймайтын жандар мен ештеңе өнбейтін жобаларға күш көп кетеді, әрі бұның бәрі жұмсалған есіл уақытты ақтамайды. Тек бар қуатыңды ешкімге білдірмей сорып қояды.
Өмір сапасының мәселесі – өз менімізді қаншалықты мүлтіксіз тыңдай отырып нені рұқсат ете алатынымызды білу. Шуылдақ өмірден безініп, оны босатуды, жіберу керектігін ұғынуымыз. Топты ортадағы жалғыздықтан қашуымыз. Айғайлаған қоғамдық пікірден гөрі өзіміздің нәзік шындығымызға жақын болу.
Таңдау еркіңізде...
Аглая Датешидзе
Аударған Шынар Әбілдә
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Аглая Датешидзе : Өмірдің сапасы
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-06-07/746.html