Егер шындап қажетсінсең, көлікті сатып, жаяу жүріп те үйренесің, таңғы бесте оянып, қантсыз шай ішуге де төзесің, тамақты тұзсыз жеуге де бейімделесің.
Жапондар шағылған шыныны алтынмен жамап қояды. Сызатты сол бұйымның көркемдігін аша түсетін ерекше тарихи жағдаят деп есептейді екен. Өзіңізді шашылып қалғандай сезінгенде осыны еске алыңыз.
Ең күшті махаббат – әлсіздігін көрсетуден қымсынбаған махаббат. Қалай болғанда да егер бұл шынайы махаббат болса (өз-өзіңді алдау, уақыт өткізу я назарыңды басқаға бұру болмаса) – онда еркіндік ерте ме, кеш пе бір күні қызғанышты жеңеді...
Әйелдер қуатын қалай жинайтынын білеміз. Қандай қуатты жинайтыны да құпия емес. Күніне қанша тәсіл қолданып, қайсысы тиімді болатыны да белгілі. Қуат деген жан байлығы.
Ұстаз, жүрегіме махаббаттың оты жанар деген дәмемен әр түрлі әйелдермен кездесіп көрдім, алайда әр кездесуден көңілім құлазып қайтады. Жүрегімдегі махаббаты ояту үшін не істесем болады?
Басыңдағы бақытсыздыққа қарамастан риясыз жақсы көретін адамдар болады. "Не үшін? Қай қылығыма бола?" деп ойлайсың. Түсінбейсің. Адам деген ұлағатты атына жүрегі сай болған соң сүйетін шығар.
Бағың бар болса, өзге жандардың ортасында үнемі осалдығың сезіліп тұрады. Оныңды ешкімнен тыға алмассың. Сонда жаныңдағы дос кім, қас дұшпаның кім айырарсың.