Егер шындап қажетсінсең, көлікті сатып, жаяу жүріп те үйренесің, таңғы бесте оянып, қантсыз шай ішуге де төзесің, тамақты тұзсыз жеуге де бейімделесің.
Жапондар шағылған шыныны алтынмен жамап қояды. Сызатты сол бұйымның көркемдігін аша түсетін ерекше тарихи жағдаят деп есептейді екен. Өзіңізді шашылып қалғандай сезінгенде осыны еске алыңыз.
Мейірім мен махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді деген сөз бар. Шын өмірде бұл жүзеге аспайтынымен қоймай, тіпті керісінше әсер етеді. Әлі есеймеген, еркетотай, осал...
Сен оның өміріндегі алғашқы махаббат емессің. Бәлкім, соңғысы да емес шығарсың. Ол сүйген жалғыз адам сен емес. Сенің алдыңда да ғашық болған. Енді тағы да ғашық. Егер қазір ол сені сүйсе, одан басқа не сұрамақсың? Басқа не керек?
Ол жақта махаббат басқа. Мына жақта үйреніп қалғандай емес. Саф таза қуат. Ашық әрі бәріне жететін. Шартсыз. Даусыз. Құнсыз. О дүниенің қуаты. Соның азығы, оттегісі. Бар болудың жалғыз пішіні.